Экономика
Министр: Республикалық маңызы бар 4 мың шақырымнан астам автомобиль жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді
Алматы. 10 мамыр. 7kun.kz - Бұл туралы Алматы облысы Үшарал қаласында президенттің төрағалығымен өткен жиында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты деп хабарлайды ИЖДМ баспасөз қызметі.
Жиында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жергілікті және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салуға қатысты бөлігінің іске асырылу барысы жөнінде айтып берді.
"2017 жылы республикалық маңызы бар 4 мың шақырымнан астам автомобиль жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде 603 шақырым жол пайдалануға берілді. Жалпы, 2022 жылға дейін 24 мың шақырым жолдың барлығы бір қалыпқа келеді деген ойдамыз", – деді министр.
Сондай-ақ, кеңесте «Қазақстан темір жолы» АҚ президенті Қанат Алпысбаев Мемлекет басшысына Алакөл демалыс аймағының 2020 жылға дейінгі көліктік қолжетімді картасын таныстырып, транзиттік тасымалдау ісін дамыту стратегиясының жүзеге асырылуы барысы жөнінде баяндады.