Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Министрлік басшылары тұрғындарды қабылдайды

Министрлік басшылары тұрғындарды қабылдайды

Айдың соңына дейін "Нұр Отан" партиясының қоғамдық қабылдауында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының басшылары азаматтарды қабылдайды.

Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбековтың қабылдауы 19 тамыздан басталады деп хабарлайды "Нұр Отан" партиясының баспасөз қызметі. 21 тамызда қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев, 26 тамызда білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев, 28 тамызда денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова қабылдайды. Қабылдау Астана қаласы, Кенесары көшесі, 25-үй мекен жайы бойынша сағат 10:00 - 13:00 аралығында жүргізіледі. Қабылдауға Электронды қоғамдық қабылдау (www.kk.nurotan.kz) арқылы жазылуға болады. Бірыңғай сall-орталық нөмері: 59-78-50.
Басқа облыстар және Алматы қаласының тұрғындарымен "Нұр Отан" партиясының облыстық бөлімдерінің ғимараттарында видеоконференция режимінде жүргізіледі.

Похожие материалы