Министрлік ең төменгі күнкөріс деңгейін арттырудың түрлі жолын қарастыруда
Алматы. 3 ақпан. 7kun.kz — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ең төменгі күнкөріс деңгейін арттыру үшін түрлі нұсқаларды қарастырып жатыр, деп хабарлады ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов.
Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, оның көлемі мен құрылымын қайта қарайтын уақыт келді.
"2018 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 16%-ға артты. Ал азық-түлік себеті соңғы рет 2016 жылы қайта қаралды, сол кезде өнімдердің атаулары 20-дан 43-ке дейін кеңейтілді. Бізде 2016-2017 жылдардағы зерттеу бар және энергетикалық құндылықтың тәуліктік нормасын арттыра отырып, өнімнің атауын 43-тен 51-ге дейін ұлғайтуға нақты ұсыныстар бар", - деді ол.
Сондықтан ведомство қазір әр түрлі нұсқаларды есептеп отыр.
"Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі бес әлеуметтік төлемге тәуелді – бұл базалық зейнетақы төлемі, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедек балаларды күту және АӘК бойынша жәрдемақы. Осы бес төлем бойынша төлемдердің жалпы сомасы жылына 1,3 трлн теңгені құрайды. Сондықтан да мұнда бюджеттік мүмкіндік рөл атқарады", - деп түсіндірді министр.
Бірақ, соған қарамастан, 2020 жылдың қорытындылары бойынша кедейлік шегін бүгінгі күнкөріс құнының 70% -ынан өмір сүру құнының 100% -на дейін көтеру туралы мәселені қарастыру қажет, деп түйіндеді Нұрымбетов.