Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Министрлік McDonald's-тың Қазақстан нарығынан кету себептерін түсіндірді

Министрлік McDonald's-тың Қазақстан нарығынан кету себептерін түсіндірді

Алматы. 7 қаңтар. 7kun.kz – Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан аумағындағы McDonald's мейрамханалар желісінің жабылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ведомство мәліметінше, McDonald's мейрамханалар желісі ресейлік ет өнімдері және жартылай фабрикаттармен қамтамасыз етілді, онда компанияның ірі тарату орталықтары болды. Алайда McDonald's-тың Ресейден кетуіне байланысты шикізатты жеткізуде мәселе туындады.

«McDonald's өкілдерінің өтініші бойынша, жергілікті шикізатқа көшкенге дейін ауыл шаруашылығы министрлігі және басқа да мемлекеттік органдар ел аумағындағы мейрамханалар желісінің жабылуына жол бермеу үшін үшінші елдерден өнім жеткізу рәсімдерін жеделдетуге және жеңілдетуге жәрдемдесуге дайын болды, қазір де дайын», – делінген министрлік хабарламасында.

Қазақстандық ет және сүт өнімдерін өндірушілер өндірісті McDonald's талаптарына сәйкес келтіру бойынша жұмысты бастаған және 2023 жылдың басында кәсіпорындардың аудиті бойынша жұмыстар жоспарланған болатын. Алайда McDonald's-тың жабылуына байланысты жоспарланған аудит жүргізілген жоқ.

Аталған компанияға шикізат немесе жартылай фабрикаттар жеткізу үшін сертификаттаудан өту керек. Бұл жұмыс мал азығынан бастап қаптамаға дейін қатаң талапты қажет етеді.

Министрліктеосы компанияның отандық өнім жеткізушіні таңдайтынына кепіл жоқ екенін атап өтті.

«Ал Қазақстан еттің барлық түрі бойынша ішкі нарықты толық көлемде қамтамасыз етіп отыр. Өткен жылы 1,06 млн тонна ет өндірілді. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласында шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы құны 3,6 млрд доллар болатын 38 жоба іске асырылып, кейбірі пысықталып жатыр», – делінген хабарламада.

Похожие материалы