Министрлік барлық жымқырылған қаражатты анама жауып отыр - Гүлнара Каримованың ұлы
Ташкент. 3 тамыз. 7kun.kz - Гүлнара Каримованың ұлы кіші Ислам Кәрімов анасына тағылған айыптың асыра сілтенгенін айтып үндеу жариялады. Бұл туралы BBC News арнасы хабарлады.
Ол БАҚ беттері келтірілген залалды көбейтіп айтып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Каримованың туыстары Өзбекстан шенеуніктерінің ахуалы жайлы үлкен құжатты жариялауға дайындалып жатыр.
"Олардың көбісінің жағдайы әлдеқайда көп болған: оларда 2 млрд емес, 34-миллиардтан бар. Бірақ бұл туралы ешкім айтпайды", - деді кіші Каримов сұхбатында.
Сонымен қатар, ол анасының қаржы жағдайын жақсы біледі және бұл асыра сілтенген сома, нақты деректер жоқ. Ол сома бірнеше мәрте көбейтілген. "Қолдарынан келген барлық жаланы, барлық жымқырылған қаражатты, барлық министрліктен менің анама жауып отыр. Оны қамап өздері сүттен ақ болып шығып, жұмысын әрі қарай істей бермекші", - деді ол.