Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Өмір сүру құны бойынша қалалар рейтингі анықталды

Өмір сүру құны бойынша қалалар рейтингі анықталды

Алматы. 18 шілде. 7kun.kz — Әлем халқы үшін АҚШ пен Швейцария қалаларында өмір сүру қымбат. Ал Пәкістан мен Үндістанда, керісінше, көп шығын қажет емес. Мұндай деректер әртүрлі елдердегі бағалар туралы ақпаратты жинайтын Numbeo порталында жарияланған.

377 қаладағы өмір сүру құнын сарапшылар Нью-Йоркпен салыстырды, оның деңгейі рейтингте 100%-ға тең. Есепке азық-түлік, заттар, коммуналдық қызметтер мен тұрғын үй бағалары енгізілді.

Әлемнің ең қымбат қаласы Сан-Франциско болды. Мұнда индекс Нью-Йорктен сәл жоғары - 101.2 %. Қымбат қалалардың ТОП-10-ына Швейцарияның 4 қаласы және АҚШ-ның 6 қаласы кірді.

Әлемнің ең қымбат қалалары (жалға алу бағасын есептегендегі өмір сүру индексі):

  1. Сан-Франциско, АҚШ.
  2. Нью-Йорк, АҚШ.
  3. Женева, Швейцария.
  4. Цюрих, Швейцария.
  5. Базель, Швейцария.
  6. Лозанна, Швейцария.
  7. Бруклин, АҚШ.
  8. Вашингтон, АҚШ.
  9. Сан-Хосе, АҚШ.
  10. Бостон, АҚШ.

Егер қалаларды жалға берілетін тұрғын үй құнының индексі бойынша ғана ранжирлейтін болса, бестікке Гонконг да кіреді, онда бұл көрсеткіш 79.7%-ға тең. АҚШ пен австралиялық Ньюкаслда сатып алу қабілеті жоғары.

Рейтингке сәйкес, Пәкістанда және Үндістанда өмір сүру құны ең арзан болды. Мысалы, Пәкістанның Равалпинди қаласындағы индекс небәрі 10,6%-ды құрады, көрсеткіш Нью-Йорктен 90%-ға төмен.

Әлемнің ең арзан қалалары (жалға беру бағасы есебімен өмір құнының индексі):

  1. Равалпинди, Пәкістан.
  2. Карачи, Пәкістан.
  3. Тируванантапурам, Үндістан.
  4. Лахор, Пәкістан.
  5. Вишакхапатнам, Үндістан.
  6. Исламабад, Пәкістан.
  7. Виджаявада, Үндістан.
  8. Бхопал, Үндістан.
  9. Бхубанесвар, Үндістан.
  10. Гувахати, Үндістан.

Рейтингте Қазақстанның екі қаласы бар. Нұр-Сұлтанда тұрғын үйді жалға алу бағасын есептегендегі өмір сүру құнының индексі 21.6%-ға (319 — орын), Алматыда - 20.9%-ға (326-орын) тең, яғни мұнда өмір сүру Нью-Йоркке қарағанда 80%-ға арзан. Тізімде Алматы Үндістанның Гургаон және Украинаның Львов қалаларымен көрші болды. Ал Нұр-Сұлтан Түркияның Бурса және Анкара қалаларымен қатар орналасты. Мәскеу 195-ші орында, Бішкек-340-ші орында.

Бұл ретте Қазақстанда сатып алу қабілетінің деңгейі өте төмен деп бағаланды. Алматыда ол Нью-Йорктен 62%-ға төмен (324 — ші орын), ал елордада 55%-ға төмен (291-ші орын). Осы көрсеткіш бойынша Алматы рейтингте бразилиялық Кампинас пен Порт-Алегри, ал Нұр-Сұлтан Коста-риканың Сан-Хосе және Мексиканың Канкун қалаларымен көршілес.

Еске сала кетейік, 2018 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы әлемдегі ең арзан қалалардың жүздігіне кірді. Қазақстандағы өмір сүру деңгейін сарапшылар үштікке бағалады.

Похожие материалы