Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Өмірді сақтандыру сыйақылары 30 млрд теңгеден асты

Өмірді сақтандыру сыйақылары 30 млрд теңгеден асты

Алматы. 17 қаңтар. 7kun.kz – 2017 жылғы қаңтар-қараша аралығында өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақылары 30 млрд теңгеден асты. Жылдық өсім 20,8 пайыз (5,2 млрд теңге), 2016 жылы - 13,7 пайыз (3 млрд теңге) болды, деп мәлімдеді Finprom.kz.

Сақтандыру төлемдерінің көлемі 195 млн теңгеге дейін азайып, 1,9 млрд теңге болды. 2016 жылы төлемдер көлемі 2,1 млрд теңгеге дейін өскен.

Ерікті жеке сақтандыру бойынша өмірді сақтандыру төлемдерінің үлесі бір жыл ішінде 7,2 пайыздан 6,5 пайызға дейін азайды. Барлық сақтандыру төлемдерінің үлесі 2,3 пайыздан 2,4 пайызға дейін өсті.

ҚР өмірді сақтандыру әлеуеті өте жоғары. Саланың артықшылықтарының бірі - жинақтаушы өмірді сақтандыру болып саналады. Онда тұтынушылар сақтандырылған оқиға болған кезде ғана қорғалмайды, сонымен қатар сақтандырылған оқиға болмаған жағдайда да, депозиттерге балама болатын сақтандыру кезеңінің соңында сақтандыру сомасын ала алады.

2017 жылғы қаңтар-қарашада өмірді сақтандыру нарығында 7 сақтандыру компаниясы жұмыс істеді. Сақтандыру сыйақыларын жинаудан «Халық-Life» компаниясы көш бастайды. Оның сақтандыру қаражатының көлемі 14,7 млрд теңге.

Артынша тізімді жалғайтын Еуропалық сақтандыру компаниясы (11,7 млрд теңге).

Үшінші орынға 2,2 млрд тг қаражатымен Nomad Life тұрақтады.

Сақтандыру төлемдерінің басым бөлігін Қазкоммерц-Life компаниясы жасады (887,1 млн теңге).

Екінші орында - еуропалық сақтандыру компаниясы. Өмірді сақтандыру төлемдері 724,1 млн теңгені құрады. Бұл 2016 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 4,2 пайыз (31,4 млн теңге) аз. Нарық үлесі 36,4 пайыздан 38,4 пайызға дейін өсті.

«Nomad Life» көшбасшылар үштігін аяқтайды (141,8 млн теңге). Өсім 13,9 пайыз. Нарық үлесі 6 пайыздан 7,5 пайызға дейін өсті.

Похожие материалы