Алматы. 15 желтоқсан. 7kun.kz – «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ төрағасы Өмірзақ Шүкеев ҚР Ауыл Шаруашылығы министрі болуы мүмкін, деп хабарлайды сенімді дереккөзге сілтеме жасаған «Интерфакс-Қазақстан».
Қазіргі кезде Ауыл Шаруашылығы министрлігін Асқар Мырзахметов басқарады. 53 жастағы Ө.Шүкеев «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ-ын 2011 жылдан бері басқарып келеді.