Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Өмірзақ Шүкеев ҚР Вице-премьері - Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды

Өмірзақ Шүкеев ҚР Вице-премьері - Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды

Астана. 15 желтоқсан. 7kun.kz - Өмірзақ Шөкеев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды» делінген хабарламада.

Бұған дейін осы қызметті атқарған Асқар Исабекұлы Мырзахметов Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметінен босатылды.

Айта кетейік, бүгін бірқатар БАҚ Шүкеевтің қызметі ауысатыны туралы ақпарат таратқан еді.

 

Похожие материалы