Экономика
Mitsubishi Corporation-ды қазақстандық инфрақұрылымдық жобалар қызықтырды
Алматы. 15 тамыз. 7kun.kz - Астана қаласында Mitsubishi Corporation компаниясының Қазақстандағы филиалының директоры Toru Yasuda «Kazakh Invest» ҰК» АҚ астаналық кеңсесінің директоры Брәлиев Әлжанмен кездесті. Сонымен қатар, кездесуде «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы мен «Астана Технополис» арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының өкілдері қатысты. Mitsubishi компаниясының басшылығы Астана Халықаралық әуежайының қорында мультимодальдық хаб құру бойынша жобамен таныстырылды.
Астана Халықаралық әуежайының қорында мультимодальдық хабының жобасы коммерциялық және тұрғын объектілермен, индустриалдық аймақпен, көліктік-логистикалық мақсаттағы объектілермен, рекреациялық орталықтармен және туристтік объектілермен Аэротрополистің жаңа орталығын құруды көздейді. Хабтың қызметі әуе кемелері мен жолаушыларға қызмет көрсетуге, жүктерді өңдеу мен сақтауға, мультимодальдық тасуға, сондай-ақ келешекте индустриалдық және коммерциялық аймақтарға инвесторларды тартумен, туристтік, тұрғын үй және рекреациялық объектілерді салумен Аэротрополистің девелопментіне бағытталады.
Диалог барысынды Mitsubishi өкілдері инфрақұрылым саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруда компанияның қызығушылығы туралы хабарлады.
Бірлескен қызметтің болашағын талқылап, «Астана Технополис» өкілдері АЭА басқарушы компаниясының қызметімен таныстырды, сонымен қатар Астанадағы жаңа № 2 Индустриалдық паркте кәсіпорындар ашу үшін, инфрақұрылым құру және жапондық компанияларды тарту бойынша бірлескен ынтымақтастығы ұсынылды.
Кездесудің қорытындылары бойынша диалогтың қатысушылары одан әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа үміт артты.