Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мобилизациядан қашқан ресейлік Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен

Мобилизациядан қашқан ресейлік Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен

Астана. 28 қараша. 7kun.kz – Ресей азаматы мобилизациядан қашып, Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен. Бұл үшін ол шартты түрде бас бостандығынан айырылып, 5 жылға елден қуылды, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Диапазон» басылымының жазуынша, 33 жастағы Татарстан тұрғыны Қазақстан-Ресей шекарасындағы қоршаулардан секіріп өтіп, сол арқылы басқа мемлекеттің аумағына заңсыз өткен.

Сотталушының өзі сотта ішінара мобилизациядан қашқанын мойындаған. Алайда ресми түрде шекарадан өте алмаған.

Мәртөк аудандық соты оны шартты түрде, пробациялық бақылаусыз 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сондай-ақ сот оны 5 жыл мерзімге Қазақстаннан шығару туралы шешім шығарды.

Похожие материалы