Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мойнақ СЭС – индустриялық дамуға қосылған үлес

Мойнақ СЭС – индустриялық дамуға қосылған үлес

Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында Алматы облысында іске қосылған іргелі жобаның бірі – Мойнақ су электр станциясы. Бүгінде Алматы қаласы мен Алматы облысы толықтай осы «Мойнақ» СЭС арқылы электр жарығымен қамтылып отыр. Бір кезде өзі индустриялық дамудың нысаны болған
жоба - енді іргелі мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуына ықпал етуде.

Сонау кеңестік кезеңде іргетасы қаланған стратегиялық маңызы зор Мойнақ су электр стансасының құрылысы біраз жыл тоқтап та қалған. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қайта қолға алынды. Себебі су электр станциясының мүмкіндігі мол. 2005 жылы Үкімет «Мойнақ су электр стансасының құрылысы» тура­лы  арнайы қаулы шығарып, құрылыс жұмысын жандандыруға серпін берді. Сөйтіп, 2006 жылы құрылысына жан бітіп, 2012 жылғы сәуірде іске қосылған жоба су агрегатын айналдырғанда 300 мВТ қуат көзінің алуға мүмкіндік туды. Ал «Мойнақ» су электр станциясы ашылғалы бергі 5 жыл ішінде 5 млрд Квт-тан көп қуат өндіріп, жергілікті бюджеттің қазанына да 500 млн теңге шамасында қаржы құйған.

Бұдан бөлек ны­сан – Қазақстанның Бірыңғай энергетикалық жүйесінің Оңтүстік аймағы яғни Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыс­тарының электр қуатына деген тапшы­лығын жоюға және энергия жүйесіндегі қуатты реттеуге  күш салуда.

Жалпы, Мойнақ су электр станциясын салудағы мақсат не? Көш ілгері дамып кеткен әлем елдерінің өзі балама қуат көзін іздеп әлек. Қай жерде мүмкіндік бар, соны тиімді пайдалануға шебер. Тіпті, қысы-жазы күн жарқырап тұрған елдер энергияны күн батареялары арқылы алады. Олар батареясын үйдің шатырына жайғастырады. Басқа қиындығы да жоқ. Бұл үрдіс бізге де келді. «Жасыл экономика», «балама қуат көздері» деген терминнің күнделікті өміріміздің бір бөлшегіне айналып бара жатқаны сондықтан. Себебі, кез келген мемлекет қандай игілікті мүмкіндігі бар, соны шамасы келгенше пайдалануы заңдылық.

Еліміз 2009 жылы «Қайта қалпына келтірілетін энергия көздерін қолдау туралы» заң жобасы қабылдаған тұста балама қуат көздерін дамытуға кірісті. Бұл тұрғыда шетелдің тәжірибесіне көбірек сүйенетін Қазақстан гидро электр станциясы жобасына оң көзбен қарай бастады. Неге десеңіз, су арқылы алынатын энергия көзі әлдеқайда арзанға түспек. Мысалы: көрші қырғыз елі электр қуатын тез әрі қысқа уақытта өндіретін осы жобаға басымдық беріп отыр.

«Мойнақ» СЭС-нің артықшылығы неде?

Алғашқы бес жылдықта оң нәтиже көрсеткен жоба биыл да жақсы көрсеткішке ие болды. 2019 жылдың басынан бері «Мойнақ» СЭС-і электр қуатын өндіру көлемін 350 млн кВт сағаттан асырды. Осылайша, алдын ала ұсынылған болжам артығымен орындалды. Оған су деңгейінің жоғары болуы сеп болған. Яғни, су торабының құрылғысын өз орнымен тиімді орналастырып, судың шамамен биіктіктен келуін қамтамасыз ету жоғары өнім беруге септігін тигізеді. Бұл СЭС-тің электр энергиясын 300 МВт-қа дейін өндіруіне мүмкіндік берсе, ал ашылған күннен бүгінге дейін  «Мойнақ» су электр стансасы 6,5 млрд кВт сағаттан аса электр қуатын өндірді. Ал Қазақстан аумағындағы электр станциялары маусым айына дейін 42,8 млрд кВт сағат электр энергиясын өндіріп, нәтижелі көрсеткішке қол жеткізді.

Бұл электр станциясының қазіргі әлеуетімен салыстырғанда едәуір жақсы көрсеткіш. Осы қарқынмен жұмыс істей берсе еңбек өнімділігі де артпақ. Осы мақсатта тағы бір жобаның ұшы қылтиды. Жақында «Самұрық-Энерго» мекемесі Шарын өзенінің сол жақ тармағын СЭС-тің су алатын торабынан төмендеу құйылатын Кеңсу өзенінің арнасын қысым тоннелімен гидротурбиналарға су берілетін Бестөбе су қоймасына бұру жобасын қолға алу жөнінде айтты. Егер аталмыш жоба сәтті жүзеге асса су электр станциясының  энергия өндіру белсенділігі де артады.

Жалпы су электр станциялары бірнеше түрге бөлінеді. Атап айтқанда, бөгет арқылы, арна жолы, ауытқығыш әсері бар және суды бір мезетте жинағыш станцияларды айтуға болады. Осының ішінде көп таралған түрі арналық электр станициясы. Мұнда судың ағысы белгілі деңгейге көтеріліп, орналасады. Мұндай станцияны суы мол өзендер, сондай-ақ, тау өзендері, арналары тар, қысқа өзендердің жағасына салады. 

Ал бөгетті су электр станциялары ағыны көп өзен маңына салынады. Өзен бөгеттеліп, су арнайы жолдар арқылы өтеді. Келесі кезектегі  ауытқығыш су электр станциялары үлкен өзеннің жағасынан қоныс тебеді. Бұл жерде, су өзен арнасынан арнайы су шығару құрылғылары арқылы өтеді. Сондай-ақ, су жинағыш электр станциялары өндірілген электр энергиясын жинап, іске қосылады.

Сонымен, біз тілге тиек еткен су электр станциясы алдағы жылдары қуатты өнімге шыға бастамақ. Біраз уақыт қаржылық қолбайлаумен тұралап қалған станция күшіне енді міне бастады. Құрылысына 360 млн АҚШ долларынан астам қаражат жұмсалған станция бұл шығында қазірдің өзінде ақтап келеді. Бұл бір жағынан еліміздің бюджетіне де үнемділік әкелмек.


«KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиевтің айтуынша, бұған дейін электр көзін қырғыздардан алып, пайдаландық. «Мойнақ» CЭС-інің іске қосылуы осы тәуелділіктен құтылуға жол ашады. Ұзындығы 16 шақырым Бестөбе су қоймасы толтырылды» дегенді айтты. Айта кету керек, «Мойнақ» СЭС-і жаңа заманауи технологиялық құралдармен жабдықталған. Осы жағынан алғанда электр станциясы Швейцария мен Қытай еліндегі осындай нысандардан кейінгі үшінші орынға табан тіреген.  

Похожие материалы