Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Moody's бес қазақстандық компанияның рейтингін өзгертті

Moody's бес қазақстандық компанияның рейтингін өзгертті

Алматы. 23 тамыз. 7kun.kz – Moody's бес қазақстандық компанияның болжамын тұрақтыдан позитивке өзгертті, - деп хабарлайды агенттік.

Ұйымның ақпаратына сәйкес, аталған компаниялардың рейтингтері де расталды.

«Агенттік мұнай-газ және коммуналдық секторлардағы тұрақты бес эмитентке болжамды өзгертті. «ҚазМұнайГаз» ҰК,
«ҚазТрансГаз" және Интергаз Орталық Азия кредиттік бағалары бір сатыға көтерілді. «ҚазТрансОйл» және KEGOC рейтингтері расталды. Аталған эмитенттерді қолдау және олардың тәуелділігі туралы біздің болжамымыз өзгеріссіз қалады», - деп түсіндірді Moody's.

Агенттік сарапшылары, компаниялардың рейтингтеріне қатысты жағымды болжам Moody's-тің алдыңғы күнгі берген Қазақстанның жағымды болжамына сәйкес келеді деп атап өтті.

«Рейтингтік іс-қимыл осы эмитенттердің мемлекетпен берік несиелік байланысын, сондай-ақ олардың Қазақстандағы операциялық және макроэкономикалық жағдайға әсерін көрсетеді. ҚМГ рейтингі 3-тен 2-ге дейін көтерілді, бұл бірінші кезекте оның несиелік көрсеткіштерінің жақсарғандығын көрсетеді. «ҚазТрансГаз» және Интергаз Орталық Азия рейтингі ba2-ден ba1-ге дейін жаңартылды», - деді агенттік.

Похожие материалы