Экономика
Moody's: Парламенттің жаңа өкілеттіктері Қазақстанға оң ықпалын тигізеді
Moody’s агенттігінің есебіне сәйкес, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа өкілеттіктерді парламентке табыстау процесін жеделдету жоспары елдегі басқару және шешімдерді қабылдау тиімділігіне оң ықпалын тигізеді.
Moody’s аналитиктерінің айтуынша, парламенттік билікті арттыру - адамдар үшін ашық мемлекеттік құру жөніндегі жоспардың бір бөлігі. Егер бұл іске асырылса, мемлекеттің есеп берушілігінің жақсаруы экономикалық және институционалдық жүйеге оң ықпалын тигізеді.
Осылайша, экономикалық өсім және мықты институттарды құру үшін мемлекеттің есеп берушілігі мен тиімді саясат арасында өзара байланыс пайда болады. Қазақстан саясаты президентке тәуелді болуымен сипатталады.
Парламент өкілеттіктері кеңейгеннен кейін мықты президентке және лайықты ізбасарды іздеуге деген қажеттілік төмендейді. Есепте бұл шешім "Бес институционалдық реформаға" кіретін үкіметттің есеп берушілігі мен ашықтығын жоғалатуға арналған Нұрсұлтан Назарбаев реформаларының бір бөлігіне жататындығы айтылады.
Уақыт өте өзгерістер биліктің барлық деңгейлерінде басқарудың тиімділігіне ықпал етеді. Бұл өз кезегінде экономикалық және қазыналық саяси шешімдерді жақсартып, сыбайлас жемқорлықты төмендетуі тиіс.