Украинаның мемлекеттік еурооблигацияларының үлкен бөлігін қайта құрылымдау дефолтқа тең болады. Халықаралық Moody's рейтинг агенттігі осылай деген қорытынды шығарды деп хабарлайды ТАСС.
Агенттік жыл соңына дейін төлеуі тиісті 8 миллиард долларымен Украинаның сыртқы қарыздарының жағдайы қиындай түседі деп есептейді.
10 сәуір күні Standard & Poor's орталық үкіметтің шетелдік валютадағы қарызға қызмет көрсету жөніндегі дефолттан "қашу мүмкін" емес деген баға берді. Агенттіктің пікірінше, қайта құрылымдаудың өзін дефолт деп айтуға болады.
ХВҚ-ның шарттары бойынша, Киев сыртқы қарыздарының жартысы 15 миллиард долларды 4 жыл ішінде қайта құрылымдауы қажет. Осы арада Жекеменшік несие берушілердің комитеті елдің негізгі қарызын сызып тастауға қарсы болды. Комитеттің мәлімдемесі ХВҚ тарапынан Киевке бөлінуі тиісті несие процесіне қауіп төндірді.
12 наурыз күні ХВҚ Украинаға 5 миллиард доллар көлеміндегі қаржылай көмек жіберді. Осы жылы тағы 10 миллиард доллар баруы қажет.