Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Moody’s: Қазақстан банктерінің акциясы сапасыз

Moody’s: Қазақстан банктерінің акциясы сапасыз

Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz - Moody’s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның банк жүйесіне қатысты жасаған негативті болжамы бойынша, отандық банктер операциялық орта нашарлап жатқан уақытта төлем қабілетін төмендетіп алуы мүмкін. Банктердің алдағы 12-18 айдағы кредит алуға қабілетін болжаған Moody’s осындай тұжырым жасады.

Moody’s агенттігі «Қазақтан банктері: негативті болжам төлем қабілетінің төмендігіне негізделіп жасалған» атты есебін жариялады.

"Қазақстанның банк секторындағы барлық банк акциялары сапасыз. Оған ұлттық валютаның девальвациясы мен операциялық ортаның нашарлауы, халықтың таза табысының көлемі азаюы себеп болды. Сондай-ақ, бұл жағдайлар біздің рейтингке кіретін банктердің беретін барлық кредитіндегі мәселелі кредиттер үлесін орта есеппен 37 пайызға жеткізді", - дейді Moody’s-тің вице-президенті Семен Исаков.

Агенттік сарапшыларының пікірінше, Қазақстан банктерінің өтімділігін қолдау шаралары жақсы жүргізіліп жатыр, бірақ соған қарамастан ұлттық валютадағы қорлардың көлемі әлі де төмен.

"Теңгеге деген сенім біртіндеп күшейіп келе жатқанмен, салымшылар әлі де доллармен салғанды дұрыс көреді, сондықтан банктердің кредит беруі құны қымбат сақтандыруды талап етеді", - дейді Moody’s мамандары. Агенттіктің пайымдауынша, 2017 жылы банктердің таза табысы барлық кредиттің үлкен үлесін алып жатқан жұмыс істемейтін кредиттердің әсерінен төмен болуы мүмкін.

Похожие материалы