Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Morgan Stanley банкі мұнай бизнесін 1 млрд долларға сатты

Morgan Stanley банкі мұнай бизнесін 1 млрд долларға сатты

Американдық Morgan Stanley банкі АҚШ-та мұнаймен сауда операцияларын жүргізетін Global Oil Merchanting бөлімшесін  Castleton Commodities International LLC сауда үйіне сату туралы келісімге қол қойды деп хабарлайды The Wall Street Journal.

Сату процесі аяқталғаннан кейін Morgan Stanley әлемдегі ең ірі мұнай  трейдерлерінің құрамынан шығып қалатын келісімнің құны белгісіз. Алайда дереккөздердің хабарлауынша, болжамды баға 1 млрд доллар мен 1,5 млрд доллар аралығында деп белгіленген. Сауда-саттық 2015 жылдың екінші жартысында аяқталады деп күтілуде. Екі жақтың Еуроодақ пен АҚШ реттеуіштерінің рұқсатын алуы қажет. Осыған дейін Morgan Stanley-дің шетелдік сатушыларға активтерін сату туралы келісімдері екі рет бұзылған еді. Ресейлік "Роснефть" компаниясымен келісім-шарт аяқталған жоқ. KKR, Macquarie және басқа да потенциалды сатып алушылар да трейдердің активтерін сатып алу туралы ұсынысын білдірген. Соңғы екі жыл ішіндегі Global Oil Merchanting-тің сауда көлемі тәулігіне 2 млн баррельді құрайды. Бұл әлемдік сұраныстың 2 пайызына тең. Салыстырмалы түрде, әлемдегі ең ірі мұнай трейдері  Vitol тәулігіне  5,5 млн баррель, Trafigura тәулігіне 2,4 млн баррель көлемінде операция жүргізеді.  

Похожие материалы