Алматы. 6 ақпан. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар айында Медициналық сақтандыру қорына 7,6 млрд теңге көлемінде жарна түсті, - деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, оның 131,86 млрд теңгесі (шамамен 93,8%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,66 млрд теңге (6,2% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.
Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.