Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Mudarabah Capital -ды жарнамалаған үш вайнер қылмыстық жауапкершілікке тартылады – ІІМ

Mudarabah Capital -ды жарнамалаған үш вайнер қылмыстық жауапкершілікке тартылады – ІІМ

Mudarabah Capital ісі бойынша тергеушілер Алматы, Нұр-Сұлтан және Алматы облысында орналасқан мүлікті тәркіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов айтты деп хабарлайды 7kun.kz.

Тергеу департаменті басшысының айтуынша, осы іске қатысы бар вайнерлер (блогерлер) қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

"Ең алдымен, мен вайнерлер, блогерлер деп аталатындар туралы айтқым келеді. Олар басқа азаматтармен қатар қолданыстағы Конституцияға сай тең құқықтары мен міндеттері бар қарапайым адамдар. Қылмыстық қудалау органдары үшін олардың ешқандай айырмашылығы жоқ, мәртебесі немесе жұмыс орнының болуы маңызды емес. Айтайын дегенім, өздерін вайнер атап жүргендер (үшеу) қылмыстық жауапкершілікке тартылады", деді ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Айта кетейік, аталған қаржы пирамидасына блогерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов пен Азизжан Саидбаевтың қатысы бар деген ақпарат тараған еді.

Санжар Әділовтің айтуынша, бұлардың екеуіне қатысты прокурордың ұсынысы бойынша сот кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған. Ал үшінші вайнер Саидбаев сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қашып кеткен.

«Бүгінде соттың санкциясымен ол сырттай қамауға алынып, халықаралық іздеу жарияланды, оның жүрген жерін анықтау және қамауға алу шаралары жүргізіліп жатыр», – деді Санжар Әділов.

Тергеу департаментінің басшысы,бүгінгі таңда құзырлы органдар Mudarabah Capital-ға қатысты жеткілікті айғақ жинағанын атап өтті. Зардап шеккендерге келтірілген материалдық шығынды өтеу мақсатында тергеушілер Алматы, Нұр-Сұлтан және Алматы облысында орналасқан мүліктерді тәркіледі: төрт жер телімі, 10 пәтер, бес үй, екі көлік, бір дүкен.

Сонымен қатар, осы іске қатысты ақша да тәркіленіп, қазір қамауға алынған мүлікті бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Похожие материалы