Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мүгедектігі бар адамдарға берілетін жәрдемақы көлемін 30 мың теңгеге ұлғайту туралы ақпарат – фейк

Мүгедектігі бар адамдарға берілетін жәрдемақы көлемін 30 мың теңгеге ұлғайту туралы ақпарат – фейк

Әлеуметтік желілерде таратылып жатқан 1, 2, 3-топтағы мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда бала кезінен мүгедектерге берілетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 30 мың теңгеден астам сомаға ұлғайтылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минстрлігі хабарлады.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне байланысты болады.

«Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар жыл сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты индекстеледі. Мәселен, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері 5% - ға арттырылды», – делінген хабарламада.

Бұдан басқа, инфляция дәлізін 4-6% - дан 8-10% - ға дейін қайта қарауға байланысты жәрдемақыларға қосымша индекстеу жүргізу жоспарлануда.

«Жоғары мөлшердегі жәрдемақыларды төлеу Мемлекет Басшысы «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы «Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғаннан кейін жүзеге асырылады, оның жобасы қазіргі уақытта ҚР Парламенті Сенатында қаралуда», – делінген хабарламада.

Бұл ретте өткен уақыт үшін ағымдағы жылғы сәуірден бастап жәрдемақылардың жаңа мөлшеріне дейін тиісті қосымша ақы төленетін болады.

Похожие материалы