Экономика
Мұхамедиұлын қамауға алуға ешқандай негіз жоқ – экс-министрдің баспасөз хатшысы

Нұр-Сұлтан. 27 мамыр. 7kun.kz – Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты мамандандырылған тергеу сотына материал түскен жоқ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Ботагөз Баянова айтты, деп хабарлайды 7kun.kz HOLA News-ке сілтеме жасап.
«Осылайша, қазіргі уақытта экс-министрді тергеу изоляторына ауыстыруға негіз жоқ», - деді Мұхамедиұлының баспасөз хатшысы Айдар Қырықбайұлы.
Бұған дейін ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Ұлттық музейінде заңбұзушылықтарды анықтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын айтты. Бірақ бұл іс Арыстанбек Мұхамедиұлына емес, басқа тұлғаларға қатысты қозғалды деді ол.