Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұхамедиұлының күдікке ілінгені расталды

Мұхамедиұлының күдікке ілінгені расталды

Нұр-Сұлтан. 16 мамыр. 7kun.kz - Бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы күдікке ілінгені туралы ресми ақпарат жария болды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бұған дейін Ұлттық музейде Жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері тексеру жүргізіп жатқаны белгілі болған. Артынша Арыстанбек Мұхамедиұлы президенттен көмек сұрап үндеу жасады. Оған ілі-шала экс-министр өзіне қол жұмсады деген ақпарат тарады. Музей басшысының өкілі ол ақпаратты терістегенімен, кейіннен ауруханаға түскенін растады.

Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан мәлімет бойынша, Мұхамедиұлы ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша күдікке ілінген.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК лауазымды тұлғаларына қатысты «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Шарттың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгені құрайды. Тергеу сотының санкциясымен қазіргі уақытта тінту, сондай-ақ куәлардан жауап алу және басқа да тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді екен.

Похожие материалы