Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұхтар Құл-Мұхаммед: Барлық қару-жарақ дүкендеріне тыйым салу керек

Мұхтар Құл-Мұхаммед: Барлық қару-жарақ дүкендеріне тыйым салу керек

Аcтана. 7 маусым. 7kun.kz - «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед терактіден қаза болған зейнеткер Николай Онищенконың отбасына көңіл айтып барғанда «Ақтөбеде болған оқиғадан кейін Қазақстандағы барлық қару-жарақ дүкені жабылуы мүмкін» деген мәлімдеме жасады. Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Зейнеткер «Паллада» дүкенінің маңынан өтіп бара жатқанда қаза болған. Онищенко отбасы қару-жарақ дүкенінің үйлерінің маңынан салуға жобаланып жатқан кезеңнің өзінде қарсы болғанын айтып шағымданды. «Қазір біз қару-жарақ дүкендеріне қатысты заңдарды қайта қарап жатырмыз. Оларға тек Ақтөбеде емес, бүкіл Қазақстанда тыйым салу керек», - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Похожие материалы