Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұхтар Жәкішев премьер-министр лауазымына ұсынылуы мүмкін

Мұхтар Жәкішев премьер-министр лауазымына ұсынылуы мүмкін

Алматы. 12 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстан халық партиясы (ҚХП) төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев егер өзі парламенттік сайлауда жеңіске жетсе, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясының экс-басқарма басшысы Мұхтар Жәкішевті премьер-министр лауазымына ұсынатынын айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Рахым Ошақбаев«Baitassov Live» YouTube-арнасына берген сұхбатында, елде еркін саяси бәсекелестік пайда болуы керек екенін атап өтті. Ал оған қол жеткізу саяси партияларды тіркеу арқылы жүзеге асады.

«Тіркелген «Байтақ» экологиялық партиясынан Азаматхан Әміртаевты неге Экология министрі етіп ұсынбасқа? Немесе тіркелмеген «Еңбек» партиясы – құрылысшылар одағынан Талғат Ерғалиев бар. Ол неге құрылыс саласын басқармасқа», – деді ол.

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев елордада 2009 жылдың мамырында ұсталды. Оған ірі уран кен орындарында мемлекеттік үлесті сатты деген айып тағылып,  сот үкімімен 14 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол түрмеде 11 жыл отырды.

Похожие материалы