Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай бағасы біршама төмендеді

Мұнай бағасы біршама төмендеді

Алматы. 14 мамыр. 7kun.kz – Он төртінші мамырға арналған металл және мұнай бағамдарының бағасы анықталды.

Мұнай: 13 мамыр күні кешке қарай мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді, Қытай мен АҚШ-тың сауда қайшылықтарының ушығуына байланысты трейдерлердің қауіпі мұнай нарығына да көшті.
22:28-дегі жағдай бойынша WTI мұнайының бағасы барреліне 01,02%-ға, 61,03 долларға дейін азайды. Brent мұнайының фьючерстері құны барреліне 70 долларға немесе 0,88%-ға дейін төмендеді.

Металдар: алтын бағасы өсті, өйткені АҚШ қытай тауарларының тарифін 200 млрд долларға көтерді. 22:40 жағдай бойынша маусым айындағы алтын фьючерсінің бағасы 0,13%-ға төмендеп, бір троялық унциясы 1 299,85 долларға сатылды. Күміс фьючерстің құны 0,02%-ға өсті, бір троялық унциясы 14,79 долларға сатылды.

Криптовалюталар: Coinmarketcap.com порталының мәліметтері бойынша 23:45-те bitcoin 6 945,63 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптовалюта 13,32%–ға қымбаттап, ал оның капитализациясы 140,6 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum құны 6,15%–ға өсіп, 199,85 долларға сатылды. Бұл криптондық валютаның капитализациясы 21,2 млрд долларды құрады. Нарықтың жаһандық капитализациясы – 233,3 млрд доллар.

Похожие материалы