Алматы. 31қаңтар. 7kun.kz – Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың наурызындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 31 қаңтар Мәскеу уақытымен сағат 8:08-дегі бағасы 58 центке (0,94%) көтеріліп, барреліне $62,23 құрады, - деп хабарлайды Интерфакс–Қазақстан.
Лондон және Нью-Йорк биржаларында наурыздағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) 38 центке (0,70%) қымбаттап, барреліне $54,61 құрады.