
Алматы. 27 тамыз. 7kun.kz – Лондондағы ICE Futures биржасында 2018 жылдың қазандағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің Мәскеу уақытымен 8:20-дағы бағасы барреліне $75,82 құрады, деп хабарлайды Интерфакс.
24 тамызда контракт $1,09-ға (1,46%) қымбаттаған болатын.Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнайдың осы уақыттағы фьючерстері (NYMEX ) $0,02-ға (0,03%) қымбаттап, барреліне $68,75 құрады.