Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай бағасы қымбаттады

Мұнай бағасы қымбаттады

Алматы. 17 қаңтар. 7kun.kz – Он жетінші қаңтарға арналған металл және мұнай бағамдарының бағасы анықталды.

Мұнай: Мұнай бағасы біршама көтеріледі. Себебі жаһандық экономиканың және америкалық өндірістің өсуі туралы болжамдар инвесторларға әсер етті, деп жазады investing.com. Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының наурыздағы фьючерстерінің құны 0,33% - ға, барреліне 60,84 долларға дейін көтерілді. WTI фьючерстерінің бағасы 0,17% - ға, барреліне 52,02 долларға дейін төмендеді. Металл: Алтын бағасы қымбаттағанына жеті айға жуық уақыт болды. Ұлыбританияның және АҚШ-тың саяси ахуалына қатысты алаңдаушылықтың артуына байланысты қаржы нарықтарындағы жағдай тұрақсыз болып қала береді. 23:11-де Нью-Йорктегі Comex биржасында наурыз айындағы алтын фьючерсінің бағасы 0,50% қымбаттап, бір троялық унциясы 1 294,85 сатылды. Күміс фьючерстің құны 0,08%-ға көтеріліп, бір троялық унциясы  15,6 долларға сатылды. Криптовалюталар: Coinmarketcap.com порталының  мәліметтері бойынша  23:07-де bitcoin 3 652,97 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптовалюта 0,60%–ға арзандап, ал оның капитализациясы 63,8 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum 3,65%–ға төмендеп, 123,13 долларға сатылды. Бұл криптондық валютаның капитализациясы 12,8 млрд долларды құрады. Нарықтың жаһандық капитализациясы - 21,9 млрд доллар.

Похожие материалы