Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай бағасы қымбаттады

Мұнай бағасы қымбаттады

Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz – Жиырма жетінші ақпанға арналған металл және мұнай бағамдарының бағасы анықталды.

Мұнай: investing.com хабарлауынша, 23:20-да Brent маркалы мұнай қоспасының мамыр фьючерстерінің құны 0,65%-ға, барреліне 65,53 долларға дейін көтерілді. Ал WTI фьючерстерінің бағасы 0,65%-ға, барреліне 55,85 долларға дейін көтерілді.

Металдар: сейсенбі күні алтын бағасы төмендеді. Нарық ойыншылары ФРС басшысы Джером Пауэллдің АҚШ Конгресінің алдында есеп беруін күтіп отыр. 23:18-де Нью-Йорктегі Comex биржасында сәуір айындағы алтын фьючерсінің бағасы 0,28% төмендеп, бір троялық унциясы 1325,75 долларға сатылды. Күміс фьючерстің құны  0,52%-ға төмендеп, бір троялық унциясы  15,748 долларға сатылды.

Криптовалюталар: Coinmarketcap.com порталының  мәліметтері бойынша  23:13-те bitcoin 3 857,10 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптовалюта 0,47%–ға арзандап, ал оның капитализациясы 67,7 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum 2,15%–ға төмендеп, 137,40 долларға сатылды. Бұл криптондық валютаның капитализациясы 14,4 млрд долларды құрады. Нарықтың жаһандық капитализациясы – 129,8 млрд доллар.

Похожие материалы