Алматы. 17 қыркүйек. 7kun.kz – Лондондағы ICE Futures биржасында 2018 жылдың қарашадағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 17 қыркүйектегі таңертеңдегі бағасы 8 центке (0,10%) төмендеп, барреліне $78,01 құрады, деп хабарлайды Интерфакс.
Лондон және Нью-Йорк биржаларында 2018 жылдың қазанындағы жеткізіліммен электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) 5 центке (0,06%) төмендеп, барреліне $68,94 құрады.