Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай және металл бағамдары анықталды

Мұнай және металл бағамдары анықталды

Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz – Он бесінші мамырға арналған металл және мұнай бағамдарының бағасы анықталды.

Мұнай: Мұнай нарығы сейсенбі күні Таяу Шығыстан жанармай жеткізілімдерінің бұзылуынан қауіптенуде. Лондонның ICE Futures қор биржасына сәйкес сағат 23:12-дегі жағдай бойынша WTI мұнайының бағасы барреліне 0,98%-ға, 61,64 долларға дейін көтерілді. Brent мұнайының фьючерстері құны барреліне 70,94 долларға немесе 1,01%-ға дейін төмендеді.

Металдар: 23:17-дегі жағдай бойынша маусым айындағы алтын фьючерсінің бағасы 0,39%-ға төмендеп, бір троялық унциясы 1 296,85 долларға сатылды. Күміс фьючерстің құны 0,28%-ға өсті, бір троялық унциясы 14,81 долларға сатылды.

Криптовалюталар: Coinmarketcap.com порталының мәліметтері бойынша 23:20-да bitcoin 8 029,50 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптовалюта 2,90%–ға қымбаттап, ал оның капитализациясы 142,1 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum құны 3,24%–ға өсіп, 208,17 долларға сатылды. Бұл криптондық валютаның капитализациясы 22,08 млрд долларды құрады. Нарықтың жаһандық капитализациясы – 233,3 млрд доллар.


Похожие материалы