
Алматы. 14 қыркүйек. 7kun.kz – Лондондағы ICE Futures биржасында 2018 жылдың қарашадағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 14 қыркүйектегі таңертеңдегі бағасы $0,18-ға (0,23%) көтеріліп, барреліне $78,36 құрады, деп хабарлайды Интерфакс.
Лондон және Нью-Йорк биржаларында 2018 жылдың қазанындағы жеткізіліммен электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) $0,24-ға (0,35%) қымбаттап, барреліне $68,83 құрады.