Алматы. 12 қыркүйек. 7kun.kz – Лондондағы ICE Futures биржасында 2018 жылдың қарашадағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 12 қыркүйектегі таңертеңгі бағасы $0,26 (0,33%) көтеріліп, барреліне $79,32 құрады, деп хабарлайды Интерфакс.
Лондон және Нью-Йорк биржаларында 2018 жылдың қазанындағы жеткізіліммен электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) $0,61 (0,88%) қымбаттап, барреліне $69,86 құрады.