Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай бағасы 50 доллардан асты

Мұнай бағасы 50 доллардан асты

Лондон. 26 мамыр. 7kun.kz - 2015 жылдың қарашасынан бері Brent мұнайының бағасы бірінші рет барреліне 50 доллардан асты. Бұған ICE Лондон биржасындағы сауда мәліметтері дәлел деп жазады lenta.ru.

Жергілікті уақыт бойынша 07:37-де барреліне 50,03 долларды көрсетіп, 2,8 пайызға өскен. NYMEX нью-йорк биржасының WTI шілдедегі фьючерсі 0,94 пайызға көтеріліп, бағасы 49,56 долларды құрады. Goldman Sachs банкі 16 мамыр күні мұнай өндірісінің төмендеуіне байланысты бағасы 50 долларға дейін өседі деген болжам жасаған еді. Соңғы аптада бірнеше күтпеген жағдайлардың кесірінен мұнай аз шығарылған. Оған Канада ормандарының өртенуі, террористердің Нигериядағы мұнай құбырларына шабуыл жасауы себеп болған. Естеріңізге сала кетсек, ОПЕК президенті, Катардың энергетика министрі Мухаммед бен Салех ас-Сад мұнай өндірісін қысқартуға қатысты келісімдер қайта жасалуы мүмкін деген болатын. ОПЕК елдері мен осы ұйымға кірмейтін елдер арасындағы келісім 2 маусым күні Венада болуы ықтимал. Осыған дейін 17 сәуір күні Дохада өткен кездесуде қатысушылар мұнай шығаруды тоқтата тұру жөнінде ортақ келісімге келе алмаған еді.

Похожие материалы