Экономика
Мұнай бағасы 6-шы күн қатарынан құлдырап жатыр
Мұнай бағасы жұма күні жаңа минимумға дейін төмендеді. Brent бағасы 39,38 долларға түсті, деп хабарлайды шетелдік басылымдар. Апта қорытындысы бойынша қара алтынның бағасы ОПЕК елдеріндегі өндіріс көлемінің артуына байланысты 8%-ға түскен.
Brent маркалы мұнай бағасы лондондық ICE Futures биржасында $39,38 бағаланды. Ал WTI мұнайына арналған фьючерс бағасы Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,6%-ға төмедеп, баррелі 36,52 долларды құрады.
Айта кетейік, нарықта мұнай бағасының бұлай жылдам құлдырауы наурыз айынан бері болған жоқ.
Фото: hi-news.ru