Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай бағасы 11,6% арзандады

Мұнай бағасы 11,6% арзандады

Бір апта ішінде мұнай бағасы барреліне 37,22 доллардан 32,89 долларға дейін арзандады, деп хабарлайды LS.

ICE құрылықаралық биржасының мәліметі бойынша, 11 қаңтарда Brent маркалы мұнай Астана уақытымаен 9:00-де 32,89 доллардан сатылуда.

Айта кетейік, 4 қаңтар күні мұнай саудасы барреліне 37,22 доллар болып белгіленген. Осылайша ақпан айына арналған сауда 11,6%-ға төмендеді. Осы күні америкалық WTI мұнайы барреліне 32,53 долларға бағаланды.

Brent

Ал 6 қаңтардағы сауда кезінде мұнай бағасы соңғы 11 жылда болмаған минимумға жетті. Сәрсенбі күні Brent маркалы мұнай ICE құрылықаралық биржасында барреліне 35,66долларға жетті. Мұнай бағасы мұндай көрсеткішке 2004 жылы жеткен болатын. Алайда келесі күні қара алтынның құны бірден 32,18 долларға түсіп, жаңа рекорд орнатты.

Ал ОПЕК болжамы бойынша, 2030 жылы мұнай барреліне 123 долларға, 2040 160 долларға қымбаттайды.

Фото: voxpopuli.kz

Похожие материалы