Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай бағасы: Brent мұнайы 43 долларға сатылып жатыр

Мұнай бағасы: Brent мұнайы 43 долларға сатылып жатыр
 

Жұма күні Brent маркалы мұнайдың бағасы бір баррельге 1,9%-ға төмендеп, 43 долларды құрады. Қаңтар айындағы WTI фьючерстерінің бағасы да 2,7%-ға түсіп, 39,97 доллар болды.

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы қазіргі күнделікті мұнай өндіру деңгейін ұстап тұруға шешім қабылдады. Күнделікті өндірілетін мұнай көлемі - 31,5 миллион баррель. Brent маркалы мұнайдың қаңтар айындағы фьючерстерінің бағасы 43 долларды құрады. Сауда-саттық барысында баға барреліне 42,67 долларға дейін төмендеп, ал максималды баға 44,82 долларға жетті. Фьючерстік сауда-саттық қорытындысы бойынша, 339,179 мың келісімшарт жасалды. Қаңтар айындағы WTI фьючерстерінің бағасы барреліне 39,60-42 доллар аралығында өзгеріп тұрды. Ал сауда-саттықтың жабылу сәтінде баға 2,7%-ға арзанап, барреліне 39,97 долларды құрады.  Сауда-саттық қорытындысы бойынша 535,108 мың келісімшарт жасалды. Фото:namys.kz 

Похожие материалы