Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай бағасы 32,60 долларға төмендеді

Мұнай бағасы 32,60 долларға төмендеді

Мұнай бағасы қайтадан 32,60 долларға арзандады. Бұл АҚШ-тағы мұнай қорының көп болуы мен Иранның наурыз айынан бастап қара алтынды экспорттауды арттыру жоспарына байланысты болып отыр, деп хабарлайды ru.investing.com.

Сонымен Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 0,12 долларға арзандап, $32,60 болды. Ал 2 ақпан күні қара алтынның құны 33,57 доллар болған еді.

мм

Өз кезегінде WTI маркалы мұнай фьючерсі барреліне 29,76 долларға бағаланды.

ввАмерикалық мұнай институтының хабарлауынша, өткен аптада АҚШ-тағы мұнай қоры 3,8 млн баррелден 500,4 млн баррелге дейін артқан.

Ал Иран 21 наурыздан бастап қар алтынды экспорттау көлемін тәулігіне 2,3 млн баррелге дейін өндіруді жоспарлап отыр. Иранның қаңтар айындағы мұнайды өндіру көлемі орташа есеппен 1,5 млн баррель болды.

Фото: ru.investing.com

Похожие материалы