Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай өндірісіне қатысты Дохадағы кездесу сәтсіз аяқталды

Мұнай өндірісіне қатысты Дохадағы кездесу сәтсіз аяқталды

Дохадағы келіссөздердің қатысушылары мұнай өндірісін шектеу туралы келісе алмады. Келесі раунд маусымға белгіленген ОПЕК саммитінен кейін өтуі мүмкін деп хабарлайды РБК.

Dow Jones пен Reuters-тің мәліметтері бойынша, Дохадағы кездесулер аяқталған. Мұнай өндірісін тоқтату туралы құжатқа қол қойылған жоқ. Reuters дереккөзінің хабарлауынша, ОПЕК елдері мұнай картелінің мүшесі емес елдерге ең алдымен ұйымның өзара арасында келісім болуы керектігі туралы мәлімдеген. Маусымдағы ОПЕК саммитінен кейін ұйымның құрамына кірмейтін өзге мемлекеттермен (оның ішінде Ресей де бар) кездесу өтеді. Келіссөздердің нәтижесіз аяқталғанын және маусымда өтетін келесі келіссөздер туралы Нигерияның өндіріс министрі Эммануэль Ибе Качикву де мәлімдеді. Bloomberg-тің жазуынша, өзара келісімнің Иранға қаншалықты қатысты болатындығы туралы мәселе кездесулердің тиімді аяқталуына кедергі болған. Иран өкілі Дохаға келген жоқ, ал Сауд Арабия ОПЕК мүшелері толық жиналмайынша қандай-да бір құжаттарға қол қоюдан бас тартты.

Похожие материалы