Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мысырға бару визасы 2,5 есеге қымбаттады

Мысырға бару визасы 2,5 есеге қымбаттады

Алматы. 25 ақпан. 7kun.kz — 1 наурыздан бастап, Мысырға бару визаларының құны шамамен 2,5 есеге көтеріледі. Бұл туралы Мысыр СІМ сілтей отырып, ҚазАқпарат хабарлады.

Енді оның құны 60 доллар. Бұған дейін 25 доллар болған еді, Визалар құнының қымбаттау жөнінде әуежайлар, теңіз порттары және жер үсті шекаралық асулар секілді Мысырдың барлық шекаралық бекеттеріне хабарланды.

Соңғы рет Мысыр визаларының құны 2014 жылы өзгертілді. Онда 15 доллардан 25 долларға қымбаттаған еді.

Похожие материалы