2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ көптеген тәуекелдерге баруы мүмкін дейді ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
"Әлемдегі қазіргі ахуал мен басымыздан өткеріп отырған жағдайлар туралы тілдескеніміз жөн деп ойлаймын. Біздің алдымыздағы мақсат - келісімге келу және ақылдаса отырып, шешім шығару.
2015 жыл, менің ойымша, Еуразиялық экономикалық одақ үшін үлкен тәуекел. Бірақ біз мұны басқа да мүшелермен біріге отырып, елдер арасындағы сауда байланысы мен осы жылы жасайтын шаруалар туралы сөйлесіп, шешеміз деп ойлаймын ", - деді Елбасы жұма күнгі Астанадағы РФ мен Белоруссия басшылары Владимир Путин мен Александр Лукошенкомен болған кездесу барысында.
Энергия тасымалдаушылар мен тауарларға байланысты дағдарыс ЕАЭО сауда айналымына әсер етті. "2014 жылы тауар айналым төмендеп кетті. Біз осындай қауіптің боларын болжап, біліп отырғанбыз", - деді Н.Назарбаев.