Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Н.Назарбаев ArcelorMittal басшысымен кездесті

Н.Назарбаев ArcelorMittal басшысымен кездесті

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ArcelorMittal-дың бас атқарушы директоры және төрағасы Лакшми Митталмен кездесті деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Кездесу кезінде компанияның қазақстандық экономиканың  дамуына үлес қосуы, оның мемлекеттік бағдарламаларға қатысу перспективалары талқыланды деп жазылған хабарламада. "Сондай-ақ, Теміртаудағы "Арселор Миттал" металлургтық комбинатының жұмысындағы негізгі мәселелер қаралып, әлемдік экономикадағы өзгерістерге байланысты кәсіпорындардың тұрақты және тиімді қызмет ету қажеттілігі атап өтілді",- деп мәлімдейді баспасөз қызметі. Еске салайық, осыған дейін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның бас директоры Виджай Махадеван мемлекет кәсіпорынға 12 млрд теңге қарыз деп мәлімдеген еді. Кейінірек Қарағанды облысының мемлекеттік кіріс департаменті мемлекет «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға ҚҚС бойынша 11,376 млрд теңге қарызды қайтарды деп хабарлады. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ халықаралық ArcelorMittal концернінің құрамына кіреді және Қазақстанның тау-металлургия секторындағы ірі кәсіпорын болып табылады.

Похожие материалы