Экономика
Н.Назарбаев: Қазақстан Қырғызстан экономикасына 1,5 млрд. доллар инвестициялады
Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев Қырғызстанда екіжақты кездесу өткізді. Кездесу аясында екі елдің инвестициялар, өнеркәсіп, жолдар құрылысы, туризм және трансшекаралық өзендер қорын пайдалану салаларындағы ынтымағы бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.
Н.Назарбаев А.Атамбаевты және Қырғыз халқын ЕАЭО ауқымында кеден бақылауының алынып тасталуымен құттықтады. «Екіжақты ынтымақтастық жоғары деңгейде өтуде. Қазақстан Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіне көмектесті. Осыған байланысты Қырғызстанды ЕАЭО-ға кіруімен құттықтаймыз», - деді Мемлекет басшысы.
Соңғы жылдарда Қазақстан Қырғызстанға 1,5 миллиард доллар инвестициялар салды, 50 бірлескен кәсіпорын құрылды», - деп атап өтті Н.Назарбаев.
ҚазАқпарат