Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Н.Назарбаев: Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді жекешелендіру қажет

Н.Назарбаев: Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді жекешелендіру қажет

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде ауыл шаруашылығына арналған жерлерді жекешелендіруді жүргізуді ұсынды.

"Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді жекешелендіруді бастау қажет", - деп мәлімдеді Н.Назарбаев сейсенбі күні үкіметтің кеңейтілген отырысында. Мемлекет басшысының сөзі оның баспасөз қызметінің ресми twitter-аккаунтында келтірілген. "Сол жерде шынымен жұмыс істей алатындар ғана меншіктенуші болатындай жекешелендіру ашық өтуі тиіс", - деді Н.Назарбаев. Сондай-ақ Қазақстан Үкіметі елдегі реформаларды жалғастыру жөніндегі ұсыныстарды Президент қарауына енгізуді жоспарлап отыр. "Маусымның аяғына дейін реформаларды жалғастыру және сіздің тапсырмаларыңызды орындау жөніндегі ұсынысты Сіздің қарауыңызға жібереміз", - деді премьер-министр Кәрім Мәсімов. К.Мәсімовтың айтуынша, жуырда ғана реформаларды өткізу жөніндегі комиссия аясындағы бір топтың алғашқы отырысы болып өтті.

Похожие материалы