Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Н.Назарбаев: Бұдан былай Ұлттық қордан ақша бөлінбейді

Н.Назарбаев: Бұдан былай Ұлттық қордан ақша бөлінбейді

Шілде айы басталысымен ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қордан экономиканы қолдау мақсатында қаржы бөлінбейтінін мәлімдеді.

“Дағдарыс жайлаған қазіргі қиын кезеңде біз ақша шашуды доғаруымыз қажет. Үкімет ішкі резервтерді өзі жасақтап, бөлінген қаржыны мақсатты түрде жұмсауы тиіс. Және де мұның нәтижесін халыққа жариялап тұруымыз керек. Болып жатқан қиындықтарға қарамастан ел экономикасын тұрақты ұстап тұру – біздің міндетіміз!”, – деді президент халықпен ұйымдастырылған телекөпір барысында. Президенттің айтуынша, әр облыс өзінің ішкі резервін жасақтап, өзіндік өндіріс орындарын қалай ұлғайтуға болатынын мұқият ойластыруы тиіс. Бұған дейін Н.Назарбаев экономиканы қолдауға 2015-2017 жылдар аралығында жыл сайын 3 млрд доллардан бөлінетінін айтқан болатын. Ұлттық қордан қаржы бөлу туралы шешім алғаш рет 2007-2009 жылдардағы дағдарыс кезінде қабылданған болатын. Сол дағдарыс кезеңінде Ұлттық қордан 10 млрд доллар бөлінді.

Похожие материалы