Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Н.Назарбаев: Біз Ресеймен, ҚХР, АҚШ, ЕО елдерімен, ислам әлемімен серіктестікті одан әрі жалғастырамыз

Н.Назарбаев: Біз Ресеймен, ҚХР, АҚШ, ЕО елдерімен, ислам әлемімен серіктестікті одан әрі жалғастырамыз

Қазақстан стратегиялық серіктестері - Ресеймен, ҚХР, ҚШ, ЕО елдерімен, ислам әлемімен арадағы серіктестікті одан әрі жалғастырады. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанада сәрсенбі күні өткен ұлықтау рәсімінде хабарлады.

"Ұлт жоспарының сәтті орындалуы қолайлы халықаралық климатты талап етеді. Біз стратегиялық серіктестеріміз - Ресеймен, ҚХР, ҚШ, ЕО елдерімен, ислам әлемімен арадағы серіктестікті одан әрі жалғастырамыз. Біз халықаралық ұйымдармен белсенді түрде жұмыс атқарамыз. Орталық Азияның көшбасшысы ретінде Қазақстан аймағымыздың қауіпсіздігі мен экономикалық дамуының ортақ архитектурасын қолдап отырады", - деп мәлімдеді Н.Назарбаев.

Ол қазір ұлы реформалар бастау алатынын атап өтті.

"Индустриаландыруға негізделген экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін біз түбегейлі құрылымдық реформаларды өткіземіз. Білім беру мен денсаулық сақтау Экономикалық серіктестік және даму ұйымының мүше-елдерінің стандарттарын басшылыққа алатын болады", - деді Президент.

"Бүгінгі таңда Қазақстан аймағымыздың экономикалық көшбасшысы. Бірақ кідіруге болмайды. Реформалар ұлттық экономиканы білімге негізделген озық экономика етеді. Негізгі міндет - қазақстандықтардың өмірін жақсарту. Бұл кең орта класты қалыптастыру үшін аса маңызды", - деп түсіндірді Н.Назарбаев.

Похожие материалы