Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Н.Назарбаев: «Болашақпен» оқуға жiберiп, қызмет сатысымен өсiресің, ал олар түрмеге түседi

Н.Назарбаев: «Болашақпен» оқуға жiберiп, қызмет сатысымен өсiресің, ал олар түрмеге түседi

Астана.3 ақпан. 7kun.kz - 2016 жылы 2900 лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлық бабы бойынша жауапкершiлiкке тартылған. Бұл туралы бүгін жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының басшысы Қайрат Қожамжаров үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

Президент өз кезегінде жемқорлық қылмыс жасап, ұсталып, түрмеге түскен шенеунiктерге қатысты қынжылыс бiлдiрiп, бұл мемлекеттiк мүдде мен сенiмге жасалған сатқындық дедi.

"Оларды "Болашақпен" оқуға жiберiп, тәрбиелеп, барлық қызмет сатысымен өсiрiп, алып келесiң, ал олар түрмеге түседi. Өте өкiнiштi. Мен бұл адамдардың ата-аналарынан да көп уайымдаймын. Бәрi бекер. Менiң ойымша, бұл мемлекеттiк мүдде мен көрсетiлген сенiмге жасаған сатқындық. 2900 адам тергеуде отыр. Сонда да тоқтамайды", - деп қынжылды Президент.

Похожие материалы