Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Н.Назарбаев G20 саммитіне шақырылды

Н.Назарбаев G20 саммитіне шақырылды
Мәскеу, 31 тамыз. -7kun.kz Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Үлкен жиырмалықтың" саммитіне шақырылды. Бұл туралы Ресей Федерациясы президентінің көмекшісі Юрий Ушаков журналистерге хабарлады.  Қытайда өтетін "жиырмалықтың" саммитіне 19 елдің көшбасшылары қатысады. Сондай-ақ Испания мен Сингапурдың премьер-министрі, Египет, Қазақстан, Таиланд басшылары, БҰҰ, Дүниежүзілік Банк, Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) тәрізді ұйымдардың жетекшілері шақырылған. Ушаковтың атап өтуінше, "жиырмалық" саммитіне дейін Ханчжоуда БРИКС өкілдері кездесіп, өзара ынтымақтыстық мәселелерін талқылайды. 4-5 қыркүйекте Ханчжоуда өтетін G20 саммитінде халықаралық экономикалық серіктестік және әлемдік даму стратегиялары талқыланады.

Похожие материалы