Экономика
Медиа
Н.Назарбаев: Конфессияаралық өшпенділікті қоздырғаны үшін БАҚ-қа жауапкершілік артылуы қажет
Бұл туралы Қазақстан президенті Астанада өткен әлемдік және дәстүрлі діндердің V съездінде мәлімдеді. Мемлекет басшысының осы және басқа да ұсыныстары Бейбітшілік және Келісім сарайында өтіп жатқан форумның қорытынды декларациясына жазылады. Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, қазіргі уақытта БАҚ және интернет арқылы конфессияаралық өшпенділік қоздырылып жатыр.
"Адамдарды ақылға шақырып, интернет пен БАҚ-ты адамдар арасындағы дінаралық өшпенділікті қоздыруға пайдалану тәжірибесін тоқтату керек. БАҚ иелерінің моральді жауапкершілігін арттыру қажет. Өзін төртінші билік деп атайтындардың барлығын", - деп атап өтті Назарбаев съезд делегаттарына арнап. Ол қақтығыстар туындап жатқан жерлерге уақытша бітім жариялауға шақырды.
"Барлық соғыс жанжалдарын тоқтатып, бейбіт келісім жариялау қажет. Қарама-қарсы жақтарға келіссөздер үстеліне отырып, зорлық-зомбылықты тоқтату, бейбіт тұрғындарды қорғау туралы келісімдер орнату қажет. Қазақстан осы үшін барлығын жасап жатыр", - дейді мемлекет басшысы.
"Барлық делегация басшыларын конфессияаралық диалогтарды көбейтуге шақырамын. Осында отырған барлық саясаткерлермен, қоғам қайраткерлеріне арнаймын. Соғыс пен жанжалдарды тоқтату үшін өзінің ықпалы мен мүмкіндіктерін пайдаланып, жаһандық саясаттағы сенімділікті қалпына келтіру қажет", - деді Н.Назарбаев.
"Үшінші әлем мен қарапайым адамдар зардап шегетін өзара санкцияларды тоқтату қажет. Әлемді "қырғи-қабақ соғысы" кезіндегі қауіпті стеоротиптерден алдын-ала сақтау қажет. Әсіресе, сананың шектелуінен. Бүгінде БҰҰ-ның, басқа да халықаралық қауіпсіздік құрылымдарының барлық мүмкіндіктерін соғыс пен жанжалды тоқтату үшін пайдалану қажет", - деп есептейді Қазақстан президенті.