Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Н.Назарбаев Ұлттық банк басшысына теңгеге деген сенімді қалпына келтіруді тапсырды

Н.Назарбаев Ұлттық банк басшысына теңгеге деген сенімді қалпына келтіруді тапсырды
Апта басында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевпен кездесті. Олар ақша-несие саясатын, қаржылай тұрақтылықты және экономиканы несиелендіру мәселелерін талқылады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  Президент қазақстандықтардың теңгеге деген сенімін қайтарып, экономиканы долларсыздандыру жұмысын жалғастыруды тапсырды.  "Ұлттық валюта еркін айналымға жіберілгеннен кейін, халыққа теңгенің жағдайы айтарлықтай өзгермегендігін түсіндіру қажет. Валютаға шикізат бағасының өзгеруі әсер етеді, бұл қалыпты процесс. Инфляция деңгейін бақылап, қажетті тауарларды түгендеп, елдің әлеуметтік жағдайы төмен топтарына жәрдем беру қажет. Облыс әкімдері осы мәселені бақылауларына алуы тиіс",-деді Н.Назарбаев.
Өз кезегінде Ұлттық банк төрағасы Қазақстанның қазіргі әлемдік қаржы және тауар нарығындағы жағдаймен есептесуге мәжбүр екендігін атап өтті. "Бұл жағдайда бізге дұрыс ақша-несие саясатын жүргізу қажет. Ең бастысы - қоғамға қазір не болып жатқанын түсіндіру", -деп атап өтті Д.Ақышев. Фото:akorda.kz

Похожие материалы